Кіру

Басты бет >
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ИАТА-мен ынтымақтастықты нығайтуда

20/12/2023

Бүгін Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду ИАТА-ның Орталық Азия бойынша өңірлік менеджері Ризван Сиддикимен, ИАТА-ның Орталық Азия бойынша менеджерінің орынбасары Руслан Саринмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздік, Қазақстанда saf баламалы тұрақты авиаотынын дамыту бөлігіндегі ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелері талқыланды.

Тараптар алдағы 2024 жылға арналған бірлескен жоспарларды да қарастырды. Атап айтқанда, Қазақстанда халықаралық салалық форумдарды ұйымдастыруға және дайындауға бірлесіп қатысу, ҚАӘ үшін ИАТА оқыту бойынша ынтымақтастық және өңірлік техникалық өзара іс-қимыл.