25/10/2022
2022 жылғы 25 қазанда Марракештегі 2022 ASIA AFRICA / WORLD ANNUAL GENERAL ASSEMBLY шеңберінде Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Airport Council International (ACI Europe және ACI World) компаниясымен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Меморандум Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бақылауымен ACI тарапынан бірқатар әуеайлақтық қызметтер көрсетуді және әуежайларды қолдауды қамтитын болады.
Airports Council International – авиация саласында озық тәжірибені ілгерілету үшін бүкіл әлем бойынша әуежайлардың ұжымдық мүдделерін білдіретін ұйым. ACI-мен ынтымақтастық әуежайларда көмірсутек шығарындылары бойынша аккредиттеу, денсаулық пен қауіпсіздіктің қолжетімділігі, бағалау мен аккредиттеу жүргізу саясаты мен ережелерін белгілеу арқылы деректерді басқару сияқты Қазақстанның әуеайлақтарын дамытуға жәрдемдесудің ортақ мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік береді.