09/11/2022
2022 жылғы 8-9 қараша аралығында Стамбул қаласында (Түркия) "Өзгерістер қанаттары (Еуропа)" IATA халықаралық конференциясы өтуде. Бұл іс-шара азаматтық авиация саласының негізгі еуропалық және әлемдік ойыншыларын (ICAO, Еуропалық комиссия, Еуробақылау, EASA, авиациялық билік орындары, авиакомпаниялар және басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері) саланы жедел қалпына келтіруге бағытталған әрі қарайғы іс-қимылдарды талқылау және келісу үшін жинады. Халықаралық сарапшылар конференцияның панельдік пікірталастарында саланың ағымдағы жай-күйі, тұрақты даму, инфрақұрылым, қызметтердің қолжетімділігі және авиация мен туризмнің өзара байланысы мәселелерін талқылайды.
Конференция аясында Қазақстанның авиациялық Әкімшілігінің Бас директоры Каталин Раду мен IATA-ның Еуропа бойынша Вице-президенті Рафаэль Шварцман, IATA Басқарушылар кеңесінің төрағасы Мехмет Нанэнің қатысуымен, ұшу қауіпсіздігін, авиациялық қауіпсіздікті және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастыққа бағытталған меморандумға қол қойды. Бұл Меморандум жаһандық деңгейде саламен ынтымақтастық пен әріптестікті жақсартудағы және отандық авиацияның беделін нығайтудағы тағы бір қадамды білдіреді.