Кіру

Басты бет >
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі FlyArystan әуе компаниясына жоспардан тыс инспекциялық тексеру жүргізді

06/04/2022

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Азаматтық авиация комитетінің тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың 24-28 аралығында 2022 жылғы 19 наурыздағы Нұр-Сұлтан - Қостанай бағыты бойынша КС 7341 рейсінде жолаушыларды тасымалдаудан бас тарту фактісі бойынша жолаушылардың өтініші негізінде FlyArystan әуе компаниясына жоспардан тыс инспекциялық тексеру жүргізді.

Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша жолаушыларға тасымалдаудан бас тартудың себебі эвакуациялық траптың уақытша техникалық ақауына байланысты осы әуе кемесінің бортында пайдаланылатын жолаушылар орындарының саны бойынша жүз он орындыққа дейін шектеу болғаны анықталды. Орындар санына шектеулер ұшу қауіпсіздігінің талаптарын ескере отырып қойылды, өйткені авариялық трап ақаулы болған кезде авариялық жағдайда жолаушыларды түсіру мүмкін емес. Осы себепті әуе компания 180 орынның 70-ін жабуға мәжбүр болды. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №540 бұйрығымен бекітілген Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларына сәйкес, егер жолаушыға әуе кемесінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін себептер бойынша тасымалдаудан бас тартылған жағдайда, онда оған тарифті қолдану шарттарына сәйкес Қағидалардың 6-тарауына сәйкес пайдаланылмаған билет немесе оның бір бөлігі үшін сомалар қайтарылады.

Осылайша, әуе компания тіркеу басталған сәттен бастап оның қаражаты есебінен әуе компания тарапынан одан әрі қызмет көрсету шартымен осы рейстің жолаушылары арасында ұшудан ерікті түрде бас тартуға кандидаттарды іздеу бойынша жұмыс ұйымдастырылды:

- баламалы ұшу күндері;

- қонақ үйде орналастыру;

- тамақпен қамтамасыз ету;

- әуежайдан/әуежайға трансфер ұсыну;

- сатып алынған билет тарифінен үш есе мөлшердегі ваучер.

Сонымен қатар, онлайн тіркеуді орындаған және тексеру рәсімінен өткен және кейін қонуды күту аймағына өткен жолаушылардың болуына байланысты бортқа отырғызу әуе кемесінің бортына өткен жолаушылар саны 110 (жүз он) адамды құрғанға дейін стандартты рәсімге сәйкес жүргізілді. FlyArystan әуе компаниясынан алынған ақпаратқа сәйкес, 2022 жылғы 19 наурыздағы КС7341 рейсінен билеттерін пайдалана алмаған жолаушылар бір жыл ішінде сатып алған жері бойынша ақшалай қайтару туралы өтініш бере алады. Қалыптасқан штаттан тыс жағдайға байланысты агрегаторларды автоматты түрде қайтару процесі жұмыс істемейтінін атап өту қажет. Осыған байланысты жолаушылар агрегатордың қолдау қызметіне хабарласуы керек.

2022 жылғы 19 наурыздағы КС7341 рейсінен жолаушылар сатып алынған әуе билеті тарифінің үш еселік мөлшерінде Ваучер ала алады, әуе компанияның байланыс орталығына 8 727 331-10-10 нөмірі бойынша немесе https://flyarystan.com сайты арқылы "Бізбен хабарласыңыз" бөлімінде. Осы жағдай бойынша Авиациялық әкімшілік FlyArystan-ға инспекторлық нұсқама жазып, сондай-ақ болашақта осындай жағдайларды болдырмауға мүмкіндік беретін тиісті ұсынымдар берді. Әуе компанияға осы рейстің жолаушылары алдындағы авиабилет құнын қайтаруды жүзеге асыру бойынша барлық міндеттемелерді орындау тапсырылды.