Кіру

Басты бет >
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі FlyArystan әуе компаниясына пайдаланушы жеке сертификатын берді

02/04/2024

Қазақстанның Авиация әкімшілігі FlyArystan әуе компаниясын сертификаттаудың барлық 5 кезеңін аяқтады. Қазақстанның Авиация әкімшілігінің авиациялық инспекторлары жұмыс барысында Алматы қаласында сертификаттау емтиханын сәтті өткізді, сонымен қатар авиакомпания апаттық көшіру бойынша рәсімдерді көрсетті және демонстрациялық ұшуларды, соның ішінде жаттықтырғыштарда орындады.

«Біз FlyArystan әуе компаниясын сертификаттау үдерісінің аяқталғандығын хабарлаймыз. Бұл Қазақстан Республикасының авиация саласының дамуындағы маңызды сәт болып табылады және компанияның қауіпсіз, жоғары сапалы авиациялық қызметке дайындығын растайды. Біз осы үдеріске қатысқан барлық тараптарға еңбекқорлығы мен кәсібилігі үшін алғысымызды білдіреміз. Ынтымақтастық пен бірлескен күш-жігер бұл мақсатқа табысты түрде қол жеткізуге мүмкіндік берді. Біз «FlyArystan» АҚ авиациялық қауіпсіздік пен қызмет көрсетудің жоғары стандарттарының үлгісі болатындығына сенімдіміз және компанияға оның алдағы қызметінде сәттілік тілейміз», – деп атап өтті Қазақстан авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду.

Fly Arystan сертификаттау үдерісін Қазақстанның Авиация әкімшілігінің авиациялық инспекторлары Ирландияның авиациялық билігі өкілдерімен тығыз ынтымақтастықта жүргізді.

Әуе компанияның пайдаланушының жеке сертификатын алуы өз кезегінде авиациялық қызметтер нарығындағы бәсекелестіктің дамуына әсер етеді.