Кіру

Басты бет >
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі CAPSCA жаһандық виртуалды симпозиумына қатысты

05/04/2022

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің ұшу қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері 2022 жылғы 29 наурыз бен 31 наурыз аралығында CAPSCA жаһандық виртуалды симпозиумына қатысты. Симпозиумның тақырыбы: "авиациядағы оқиғалардың қоғамдық денсаулыққа әсері. Тұрақты болашақ үшін алынған сабақтар".


Симпозиум жұмысына 202 қатысушы тіркелді: CAPSCA, ДДСҰ мүшелері мен серіктестері, азаматтық авиация ведомстволары, Қоғамдық денсаулық сақтау органдары, формальдылықтарды жеңілдету жөніндегі ұлттық комитеттердің үйлестірушілері және саланың басқа да мүдделі өкілдері.


Талқылау барысында covid-19 пандемиясынан алынған сабақтарды көрсете отырып, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы түрлі оқиғалар туындаған кезде азаматтық авиация тап болатын негізгі проблемалар қозғалды.


CAPSCA әзірлеген 79 ұсыным негізінде пандемияға байланысты және одан кейінгі қосалқы жедел шаралар, ұлттық үйлестіру мен халықаралық ынтымақтастықты күшейту, байланыссыз процестер үшін цифрлық деректермен алмасуды кеңейту, денсаулыққа және іске асыру мониторингіне байланысты FAL тұрақты шараларын басқару тәсілдері мәселелері қаралды.


Симпозиумның күтілетін нәтижелеріне авиацияда халықтың денсаулығына қауіп-қатердің алдын алу және оны еңсеру жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыру, CAPSCA бағдарламасының негізгі элементтерін нығайту, болашақта осындай қауіп-қатерлердің әсеріне қарсы тұру қабілетін арттыру жатады.


Симпозиум ұйымдастырушылары 2022 жылғы қыркүйекте ИКАО Ассамблеясында атқарылған жұмыстардың нәтижелерін баяндауды жоспарлап отыр.