18/11/2022
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ Boeing компаниясымен бірлесіп авиакомпанияларды жоспарлау бойынша семинар өткізді. Іс-шара 2022 жылғы 14-18 қараша аралығында Астанада өтті.
Семинардың мақсаты - қазақстандық азаматтық авиация өнеркәсібінің әлеуетті болашақ таланттарын жинау және Бизнестің болашақтағы дамуы мен табысы үшін барлық мүдделі тұлғаларды біріктіру. Семинар авиакомпаниялардың стратегиялары мен бизнес-модельдері, нарықтық сұраныс, желі мен флотты жоспарлау, ұшақтардың пайдалану сипаттамалары, авиакомпания экономикасы, шығындарды талдау және авиация индустриясының тұрақты дамуы сияқты жоғары сұранысқа ие тақырыптарды қамтиды.
Семинарға Air Astana, Fly Arystan, Qazaq Air және SCAT, Алматы, Астана және Ақтау халықаралық әуежайларының тұрақты жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын авиакомпаниялардың өкілдері, сондай-ақ "Самұрық-Қазына" АҚ, "Қазаэронавигация" РМК, ҚР ИИДМ азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің мамандары қатысты.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің сапары барысында семинар жұмысымен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев және ҚР ИИДМ азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев танысты. Министр Boeing ұйымдастырушыларына және семинарды ұйымдастыруда әкімшіліктің көмегіне алғысын білдірді. Сондай-ақ министр мұндай іс-шаралар мамандардың білім деңгейін арттырып, ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсететінін атап өтті.
Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду және Boeing компаниясының Ресей мен ТМД-дағы сату және маркетинг жөніндегі вице-президенті Монте Фрейзер Астанадағы семинарда ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Осы меморандум аясында екі ұйым да ұшу қауіпсіздігіне байланысты салалардағы ынтымақтастықты кеңейтіп, Қазақстанда авиацияны жақсарту үшін өзара қолдау көрсететін болады.