Кіру

Басты бет >
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі “Бек Эйр” АҚ-ның пайдаланушы және әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы сертификаттарын қайтарып алды

17/04/2020

“Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы” Заңның 12 бабының 5-тармағына, 16-9 бабы 2-тармағының 10 тармақшасына сәйкес, “Қазақстанның авиациялық әкімшілігі” АҚ жіберген бұзушылықтарды жою туралы нұсқауларды орындамауына байланысты “Бек Эйр” АҚ-ның пайдаланушы сертификаты кері қайтарып алынды.

Сондай-ақ, “Бек Эйр” АҚ-ның 9 Fokker әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификаттары кері қайтарылды.

Бұрын хабарланғандай, “Қазақстанның авиациялық әкімшілігі” АҚ Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп “Бек Эйр” әуе компаниясының қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін өрескел заң бұзушылықтары анықталды.