Кіру

Басты бет >
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі бас директорының орынбасары тағайындалды

23/02/2024

Әсем Амантайқызы Сейітова Қазақстанның авиациялық әкімшілігі бас директорының орынбасары болып тағайындалды.

Ол осыған дейін "Қазаэронавигация" РМК Экономика және тарифтер департаментінің директоры қызметін атқарған.

Әсем Амантайқызы Сейітова 1981 жылы дүниеге келген.

2002 жылы университетті "Бухгалтерлік есеп және аудит" мамандығы бойынша тәмәмдаған, экономика магистрі.

Авиация саласында үлкен тәжірибесі бар, "Қазаэронавигация" РМК-да 10 жылдан астам түрлі лауазымдарда еңбек еткен.

Еңбек жолын 2002 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінде бастады, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінде, «KazTransCom» АҚ, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-да жұмыс істеді.