20/11/2020
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің қызметкерлері алғаш рет азаматтық авиациядағы қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы іс-шаралардың алдын алу және оны басқару жөніндегі ынтымақтастық келісімнің сегізінші Кеңесіне (CAPSCA-EUR/08) қатысты. Мәжіліс телеконференция режимінде өтті.
Бұл кездесуге Албания, Австрия, Грузия, Ирландия, Израиль, Қазақстан, Молдова, Марокко, Португалия, Испания, Швейцария, Нидерланды, Ұлыбританияның қоғамдық денсаулық сақтау органдарының, сондай-ақ азаматтық авиация органдарының, әуежайлардың, аэронавигациялық қызметтерді жеткізушілердің, әуе кемелерін пайдаланушылардың және басқа да тиісті мүдделі тараптардың өкілдері қатысты. Телеконференцияға ИКАО штаб-пәтерінің өкілдері, CAPSCA EUR, ICAO EUR/NAT, JAA/TO, EASA, EU Health Gateways JU, ДДСҰ, IATA, ACI, DLR, IAC, EURAMI төрағасы қатысты.
Биылғы тақырып “COVID 19: алынған сабақтар?” ағымдағыпандемияға, оның ішінде туындаған проблемаларға, алынған сабақтарға және жедел, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді шаралар мен іс-шаралар ретінде қажет нәрселерге арналған.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі медициналық қауіпсіздік департаментінің директоры Альмира Бердонгарова мен адами фактор жөніндегі маман Мерей Жолжақсынова “авиация персоналында ковидтен кейінгі синдромның алдын алу мәселелері” тақырыбында сөз сөйледі.
Бұл сессия идеяларды, ойларды, талқылаулар мен тәжірибелерді біріктіруге бағытталған.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ковидтен кейінгі синдромды ерте диагностикалау және алдын алу бойынша ұсыныстарға толықтырулар енгізу жұмыстарын жалғастыруда. Ерте диагностика тиімді нәтиже және азаматтық авиация ұшу құрамының кәсіби ұзақ өмір сүруін сақтауға мүмкіндік береді. Ол үшін авиация дәрігерлерінің, медициналық ұйымдардың, әуе компаниялардың күш-жігерін және авиация персоналының жауапкершілігін біріктіру қажет.
CAPSCA – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) қолдауымен Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) басқаратын ерікті салааралық, көп ұйымдақ ынтымақтастық бағдарламасы. Ол авиация секторына әсер ететін қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы оқиғаларға дайындықты жоспарлау мен ден қоюды жақсарту бойынша күш біріктіру үшін халықаралық, өңірлік, ұлттық және жергілікті ұйымдарды біріктіреді.
Бағдарлама ИКАО-ның алты өңірінде жеті өңірлік үйлестіру топтары арқылы жұмыс істейді. Ол авиациялық сектордағы қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы оқиғаларды басқаруға тәсілдер дамытып, әлемдік деңгейде үйлестірілетін әр аймақтағы көптеген мүдделі тараптардың қатысуымен жыл сайынғы көп салалы жиналысты қарастырады.