Кіру

Басты бет >
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі авиация саласының субъектілерімен «Авиация саласын қалпына келтіру шаралары туралы» талқылау өткізді

02/05/2020

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі авиация саласының субъектілерімен «Авиация саласын қалпына келтіру шаралары туралы» талқылау өткізді. Онлайн пікірталасқа әуежайлардың, отандық және шетелдік әуекомпаниялардың өкілдері қатысты. Вебинар бақылау шараларының тиімділігі және оларды жетілдіру бойынша авиация саласының субъектілерінен кері байланыс алу шараларына бағытталған.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ҚР Көліктегі Бас санитарлық дәрігерінің әуежай және әуекомпания қызметкерлері үшін COVID-19 ПТР тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманың болуы туралы талаптарын қайта қарастыруды ұсынады. Қызметкерлер температураны өлшеуарқылы, ауысым алдындағы тексеруден өтеді. Сондай-ақ, жолаушылар үшін COVID-19 ПТР тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманың болуын қайта қарастыру ұсынылады.  Әуежайларға кіре берісте арнайы бекеттер орнатылады, онда температура өлшеніп, температура болғанжағдайда экспресс-тест өткізіледі.

Сонымен қатар, жолаушылар мен экипаждардың сауалнамасын қайта қарастыру ұсынылады, бұл деректердің бұрмалануы мен ақпараттың дәл еместігіне әкелуі мүмкін.  Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жолаушылар туралы мәліметтерді жолаушылар манифесті және жолаушының брондау деректері арқылы, ал экипаждың ұшу тапсырмасы арқылы мәліметтерді ұсыну жеткілікті деп санайды.

Әуе кемесінің бортында физикалық қашықтықты алып тастау мәселесі келесі себептер бойынша талқыланды: ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін әуе кемесінің орталықтандыру кестесін есептеу, экономикалық жағына (жартылай бос борттар). Қазақстанның авиациялық әкімшілігіұшып шығу пунктінен ұшып келу пунктіне дейін 100% маска режимін ұсынады.

Сондай-ақ, борттағы тамақты бір рет қолданылатын ыдыспен ұсынбау қажет, бұл ретте тек су мен жеңіл тағамдар қалдырылады.  Жеңіл тамақтану алдын ала жолаушылар орынына қойылуы керек.

Сондай-ақ жолаушылар терминалындағы адамдардың санын шектеу шаралары (тек жолаушылар), қарбалас сәттерде жолаушылардың жиналуын болдырмау үшін слоттарды бөлу, халықаралық рейстерге тіркеуді жөнелту уақытынан 3,5 сағат бұрын, ішкі рейстерге тіркеуді 2 сағат бұрын бастап, тіркеуді жөнелту уақытына 50 минут қалғанда аяқтау, әуе компания және әуежай қызметкерлерімен байланысты барынша азайту үшін онлайн-тіркелу және мобильді отырғызу талонын пайдалану туралы ақпараттандыру мәселелері талқыланды.