15/04/2020
«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ және BusinessOptix (АҚШ, Ұлыбритания) авиация саласында цифрлық реттеу жүйесін құру мақсатында серіктестік келісім жасады. BusinessOptix цифрлық реттеушіні құруға қолдау көрсетеді, оның негізінде корпоративтік тәуекел саласында және нормативтік талаптарға сәйкестігі тұрғысынан стратегиялар әзірленеді, сондай-ақ алдағы оңтайлы операциялық құрылымды жобалау және қамтамасыз ету мүмкіндігі пайда болады.
BusinessOptix платформасы ұйымдарға түрлі бизнес қажеттіліктері үшін «Digital Double» жобасын жобалауға және құруға мүмкіндік береді, бұл жағдайда Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арнайы әзірленген ұйымның тәуекелі мен өнімділігі туралы толық деректер базасын құруды қамтиды. «Digital Double» Қазақстанның авиациялық әкімшілігіне негізгі процестерге зияткерлік автоматтандырудан пайда алатын операциялық құрылымды анықтауға, ағымдық процестердің операциялық тиімділігіне толыққанды түсінік беру үшін физикалық объектілердің интернетін және үлкен деректерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Microsoft Azure арқылы осы тәртіптің үйлесімі «Цифрлық реттеушіні» құруға негіз болады. Питер Гриффитс, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры:
«Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің міндеті – Президенттің көзқарасына сәйкес елдегі авиациялық реттеуді өзгерту. Бұл үлкен міндет, ең үздік трансформация құралдарын қажет ететін үш жылдық жоба. Трансформация сценарийлерін құжаттау және тестілеу үшін «Digital Double» құрудың экономикалық тиімді шешімін ұсынған Business Optix-пен бірлестік, дұрыс тәсілді қолдануға кепілдік береді. Бұл тәсілдің өзі реттеушіні трансформациялаудың стандартты шешімдерінен өзгеше, біздің ойымызша, инстутционалды білімді тез қалыптастыруда және өзгерістер енгізуде сәтті болады».
Питер Маккинали Business Optix:
«Қазақстанның авиациялық әкімшілігімен серіктестік қырағы тапсырушымен бірге жұмыс істеуге мүмкіндік беретін шынайы Digital Double технологиясын ұсынуға итермелейді. Бұл жоба ұйымды әлемдік деңгейге шығарады және авиациялық реттеушілердің келбетін өзгертеді деп сенеміз».
BusinessOptix туралы:
BusinessOptix ұйымдарға ағымдағы жағдайды бақылауға және алдағы қиыншылықтарын жеңуге, клиенттерге қызмет көрсету сапасының жаңа деңгейіне қол жеткізуге және операциялық жетілуге көмектеседі. Бұлтты платформаны жүздеген әлемдік компаниялар бизнес-операциялық модельдерді жинау және қайта қарау, кәсіпорындардағы ауқымындағы өзгерістерді жеделдету, операциялық тиімділікті арттыру және нарыққа кіру процестерін оңтайландыру үшін пайдаланады.