Кіру

Басты бет >
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ алаңында Terminal Holding компаниясының өкілдерімен кездесу өтті

16/01/2024

Кездесу барысында Terminal Holding жобалық тобының мамандары Астана әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңарту жоспарын таныстырды.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жұмыс кестесінің кешігуін болдырмау мақсатында жалпы жұмыс тобы шеңберінде тығыз өзара іс-қимыл жасау қажеттігі айтылды.

Тараптар ұшу-қону жолағын реконструкциялауға қатысты техникалық мәселелерді, бақылаудың қосымша деңгейлерін қамтамасыз ету, резервтік жабдықты қамтамасыз ету жолымен тәуекелдерді азайту нұсқаларын, сондай-ақ қосалқы әуеайлақтармен жұмыс кестелерін және рейстерді қайта бағыттау жағдайындағы шараларды келісуді талқылады.

Бұдан басқа, Terminal Holding компаниясының өкілдерімен Астана әуежайының бағыттар желісін құру және жүк тасымалдарын дамыту стратегиясы мәселелері бойынша, сондай – ақ ағымдағы жылдың маусым айында  Астана қаласында бірлескен іс-шара - TIACA аймақтық форумын өткізу мәселелері бойынша кездесу өтті.