Кіру

Басты бет >
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі 2024 жылғы Орталық Азия авиациялық саммитіне қатысуда

12/09/2024

Ташкенттегі (Өзбекстан) АТО ұйымдастырған 6 Орталық Азия авиациялық саммитіне Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің өкілдері бас директордың аға кеңесшісі Әмір Ахметов, Халықаралық қатынастар басқармасының басшысы Әлия Айталиева қатысты. Саммит саланың негізгі ойыншыларын жинайтын Орталық Азиядағы жетекші авиакөлік конференцияларының бірі болып табылады. 

Әмір Ахметов өз сөзінде Қазақстанның Қазақстанның бүкіл өңірдегі авиациялық қатынас пен ынтымақтастықты дамытудағы шешуші рөлін атап өтті.

Ол Еуразиялық авиациялық конференция (EACAC) шеңберінде Орталық Азия елдерінің әуекомпаниялары, әуежайлары мен реттеуші органдары арасындағы инфрақұрылымды жақсарту мен әріптестік қатынастарды жолға қоюдың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің өкілдері мүдделі тараптармен нәтижелі кездесулер өткізіп, авиациялық қатынас, жүк әуетасымалдарын дамыту және қаржылық стратегиялар сияқты салалардағы әлеуетті ынтымақтастықты талқылады.

Орталық Азия авиациялық саммиті Еуропа мен Азияны Орталық Азия арқылы біріктіруге, жүктерді әуетасымалдау мүмкіндіктерін жақсартуға және авиация секторын дамыту мақсатында өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға арналды. Форум идеялармен алмасу және саланың тұрақты өсу стратегияларын зерттеу үшін құнды платформаға айналды.