17/06/2025
Парижде ИКАО Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық Бюросының
ICAO EUR/NAT-DGCA/2025
Азаматтық авиация бас директорларының кездесуі өтуде. Оған Халықаралық азаматтық авиация ұйымына (ICAO) мүше 193 мемлекеттің аймақтағы 56 мемлекеті кіреді.
Шараға Қазақстан атынан Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева бастаған делегация қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде өңірдегі азаматтық авиацияны дамытуға қатысты өзекті мәселелер бар. Талқыланған тақырыптарға мамандарды даярлау, тұрақты дамуды қамтамасыз ету, үйлестіру мен серіктестікті нығайту, гендерлік теңдікті ілгерілету және басқа да маңызды салалар кіреді.
Іс-шарада DGCA ICAO EUR/NAT 2025 кеңсесінің ұшу қауіпсіздігін, аэронавигациялық әлеуеттің тиімділігін, авиациялық қауіпсіздікті және әуе құқығы бойынша халықаралық шарттарды ратификациялауды қолдаудағы аймақтық қызметі мен бағдарламалық басымдықтары туралы жаңартулар ұсынылды.
Сонымен қатар, кездесуде ICAO NGAP стратегиялық негізі және EUR/NAT аймағындағы тиісті аймақтық іс-шаралар, оның ішінде 2025 жылғы авиациялық оқыту және дағдылар бойынша семинардың нәтижелері қаралды.
Кездесу аясында қазақстандық делегация халықаралық ұйымдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізеді, сондай-ақ Францияның Азаматтық авиацияның бас басқармасы (DGAC) ұйымдастыратын Индустрия және инновация күні аясында Париждегі 55-ші Ле Бурже халықаралық авиасалонына қатысады.
Анықтама: Париж-Ле Бурже халықаралық әуе және ғарыш шоуы әлемдегі ең үлкен және ең көне авиашоулардың бірі болып табылады. 1924 жылдан бастап ол екі жыл сайын Ле Бурже әуежайында өткізіледі. Авиашоуда ұшақтар мен қозғалтқыштарды жасау, ғарыш және қорғаныс технологиялары саласында жұмыс істейтін әлемдік жетекші корпорациялардың, әуежай жабдықтарын өндірушілердің жетістіктері көрсетіледі. Қазақстан алғаш рет 2013 жылы Ле Бурже авиашоуына қатысты, онда актриса Әмина Өмірзақованың есімімен аталған Эйр Астананың Embraer-190 ұшағы таныстырылды.