08/09/2026
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп келеді.
Ағымдағы жылдың 20 қазаннан бастап «SCAT» әуе компаниясы Шымкенттен Сингапурға аптасына 2 рет орындалатын жаңа рейсті ашады.
Бұл рейстің ерекшелігі – қазақстандық әуе компаниясы Қытай арқылы транзитпен «әуе еркіндігінің бесінші дәрежесі» құқығын пайдалана отырып ұшады. Яғни, жолаушылар Қытайдың Санья қаласына жетіп, әрі қарай Сингапурға ұша алады. Осылайша, әуе компаниясы жолаушыларды Қазақстан мен Сингапур арасында ғана емес, сондай-ақ Қытай мен Сингапур аралығында да тасымалдай алады.
Қазақстан мен Сингапур арасындағы әуе қатынасының ашылуы екі елдің туризмін, инвестициясын, бизнесін одан әрі дамытуға және Қазақстанның Орталық Азияның транзиттік хабына айналуына септігін тигізеді.