Кіру

Басты бет
Қазақстандық мамандар EASA-ның ұшқышсыз авиациялық жүйелерді реттеу және аэромобильді хабтарды дамыту саласындағы тәжірибесін меңгеруде

28/05/2025

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі (ҚАӘ) мен Еуропалық Одақтың Ұшу қауіпсіздігі агенттігі (EASA) арасындағы ынтымақтастық аясында ҚАӘ-нің Ұшқышсыз авиациялық жүйелер департаментінің аға авиациялық инспекторы Нұржан Адимолда Германияның Кёльн қаласына EASA мамандарымен тәжірибе алмасу мақсатында тағылымдамадан өтуде.

Жұмыстың мақсаты – біліктілікті арттыру және авиация саласының инновациялық бағыттарын реттеудегі озық тәжірибемен танысу, бұл Қазақстанда аэромобильді хабтарды техникалық іске асыру үшін реттеуші негіз болмақ. Қазақстандық маман келесі бағыттарда жұмыс істейді: UTM (Unmanned Aircraft System Traffic Management) – ұшқышсыз авиациялық жүйелер қозғалысын басқару, UAM (Urban Air Mobility) – жолаушылар мен жүк дрондарын қамтитын қалалық авиациялық мобильділік тұжырымдамасы, AAM (Advanced Air Mobility) – аймақтық және халықаралық бағыттарды қамтитын автономды авиациялық жүйелердің кеңейтілген тұжырымдамасы және SORA (Specific Operations Risk Assessment) – ұшқышсыз авиациялық жүйелер ұшуының қауіп-қатерін бағалау әдістемесі, ол қауіптерді азайту шараларын, қауіпсіздік, персонал, жабдық және операциялық процедураларға қойылатын талаптарды анықтайды.

EASA аясында біріктірілген Еуропалық Одақ елдерінің тәжірибесін зерттеу арқылы Қазақстанның нормативтік-құқықтық актілерін халықаралық озық тәжірибелермен үйлестіруге, біздің құқықтық жүйеміздің ерекшеліктерін ескере отырып, ұшқышсыз авиациялық жүйелер қызметін реттейтін нормативтерді әзірлеу, өзгерістер енгізу, сондай-ақ олардың практикалық орындалу әдістерімен танысуға мүмкіндік береді.