Кіру

Басты бет
Қазақстандық мамандар азаматтық авиация саласындағы қоғамдық денсаулық сақтау оқиғаларын алдын алу және басқару жөніндегі бірлескен ынтымақтастық механизмі кеңесіне қатысты

27/05/2025

 

Азаматтық авиация саласындағы қоғамдық денсаулық сақтау оқиғаларының алдын алу және оларды басқару жөніндегі бірлескен ынтымақтастық механизмі бойынша 12 кеңес (CAPSCA EUR/MID/12) Египеттің Каир қаласында өтіп, 20-дан астам қатысушы елдердің өкілдерін жинады. Қазақстан делегациясының құрамында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің авиациялық медицина департаментінің қызметкерлері де болды.

Форум барысында CAPSCA EUR/MID/11-дің қорытындысына  шолу баяндамасы, сондай-ақ ИКАО/CAPSCA мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ)  жаһандық және өңірлік жаңартулары ұсынылды. Сонымен қатар, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар мәселелері бойынша ДДСҰ мен Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) ұстанымдары талқыланды.

ДДСҰ баяндамалары ерекше қызығушылық тудырып, азаматтық авиация, денсаулық сақтау министрлігі, төтенше жағдайлар министрлігі, шекаралық және көші-қон қызметтері сияқты барлық мүдделі құрылымдар арасындағы өзара іс-қимыл мен түсіністіктің маңыздылығын атап өтті.

CAPSCA мемлекеттердің пікірлері, форумның маңызды бөлімдерінің бірі болды.

Қазақстандық сарапшылар төтенше жағдайларға дайындық, салааралық және аймақтық ынтымақтастықты үйлестіру арқылы азаматтық авиация саласындағы төтенше жағдайларға қоғамның дайындығын қамтамасыз ету, дағдарысты басқару мәселелері бойынша дөңгелек үстелдерге қатысты.

Күн тәртібінде авиациялық медицина бойынша семинар  қамтылды және оның қорытындысы бойынша бағдарламаның әрі қарай даму жолдары мен CAPSCA аясында азаматтық авиациядағы денсаулық сақтау оқиғаларын алдын алу және басқару бойынша жоспарланған іс-шараларды орындау туралы мүше мемлекеттердің тұрақты есеп беруін көздейтін қарар қабылданды.

CAPSCA (Авиация қауіпсіздігі мен қорғанысы бойынша үйлестірілген іс-шаралар)  бағдарламасына Халықаралық азаматтық авиация ұйымының 193 мүшелік мемлекетпен 36 мемлекеттен тұратын ИКАО Кеңесі қатысады.

Қазақстан ICAO CAPSCA бағдарламасына 2020 жылы қосылды.