07/01/2024
Қазіргі уақытта Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Қазақстандағы осы типтегі ұшақтарды пайдаланушылармен, сондай-ақ Boeing және FAA-мен әрі қарай шаралар қабылдау қажеттілігін бағалау үшін байланыста.
Қазақстанда 5 Boeing 737-9 MAX ұшағы тіркелген және олардың барлығында ұшуға жарамдылық сертификаттары бар.
FAA ұшуға жарамдылық туралы шұғыл директива шығарды (2024-02-51). Ұшуға жарамдылық директивасы автоматты түрде барлық B-737 MAX пайдаланушыларына қолданылады. Бұл директива орташа кабинаның апаттық шығу люгі орнатылған кез келген санатта сертификатталған Boeing компаниясының B737-9 үлгісіндегі әуе кемелеріне қолданылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының пайдаланушылары әуе кемелерін апаттық шығу есіктерімен (апаттық шығу люкімен емес) пайдаланады, сәйкесінше директива осы әуе кемелеріне қолданылмайды.