Кіру

Басты бет >
Қазақстанда ұшқышсыз авиациялық жүйлер бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу жөніндегі авиациялық билік органдарының біріккен Комитетінің Пленарлық отырысы өтеді

05/04/2024

2024 жылғы 13-17 мамыр аралығында Қазақстан Республикасында ұшқышсыз авиациялық жүйелер бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу жөніндегі біріккен авиациялық билік комитетінің (joint Authorities for Rulemaking op Unmanned Systems – JARUS) 65 елден JARUS мүшелерінің, халықаралық ұйымдардың және Орталық Азия елдерінің өкілдерінің қатысуымен ұшқышсыз авиация және біріккен күш-жігер тәжірибесін енгізу саласындағы үйлестірілген ережелерді ілгері жылжыту мақсатында пленарлық отырысы өтеді.

JARUS ұшқышсыз авиациялық жүйелерді пайдалануды реттеу бойынша ұсыныстар әзірлейтін бүкіл әлем бойынша ұлттық авиациялық билік органдарының сарапшылар тобынан тұрады.

JARUS-тың мақсаты өз талаптарын азаматтық авиация саласындағы сала және халықаралық ұйым қатысушыларыныңың қажеттіліктерімен үйлестіре отырып, Комитет қатысушылары арасында ұшқышсыз авиация қызметін реттеуде бірыңғай тәсілді әзірлеу болып табылады.

Тұрақты кездесулер мен жұмыс топтарының қызметі арқылы ұйым ұшқышсыз авиацияны реттеу және өзекті мәселелерді шешу саласында білім, тәжірибе және озық іс-тәжірибесімен алмасу алаңы ретінде қызмет етеді.

Ұйымның жұмысы JARUS-қа қатысушы елдердің біріккен тәжірибесіне сүйене отырып, әр елге үйлесімді талаптарды тұжырымдауға ықпал етуге бағытталған.

Алдағы JARUS пленарлық отырысында 4 Жұмыс тобының ұшқышсыз авиациялық жүйелерді пайдалануды реттеу үшін мынадай бағыттар бойынша нормативтерді әзірлеу бойынша ұсыныстар талқыланады: лицензиялау және пайдалану, ұшуға жарамдылық, қауіп-қатерлерді басқару, дербес операцияларды реттеу.  

Анықтама

2023 жылғы шілдеде Қазақстан осы ұйымның 66-шы мүшесі болды, ал "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ Бас директоры Қазақстан Республикасынан Азия/Австралия өңірінің JARUS вице-төрағасы лауазымына сайланды.