06/11/2021
"Қазақстан авиациялық әкімшілігі" АҚ Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшу-қону жолағы бетінің жағдайы туралы деректерді ұсынудың жаһандық форматын - Global Reporting Format қолдану бойынша ИКАО стандарттарын енгізу жөніндегі жұмысты сәтті аяқтады. Нәтижесінде 2021 жылғы 4 қарашадан бастап Қазақстан Республикасының сертификатталған әуеайлақтарын пайдаланушылар ИКАО-ның жаңа әдіснамасы бойынша ҰҚЖ бетінің жағдайы туралы хабарламаны беруге және бағалауды орындауға кірісті. GRF енгізілуімен Қазақстан Республикасында алғаш рет ұшу экипаждарына "SNOWTAM" қар хабарламаларын жариялау басталды. Алғашқы болып SNOWTAM-ды Қостанай, Павлодар, Алматы әуежайлары жариялады.
ИКАО-ның ұшу қауіпсіздігі саласындағы жаһандық мақсаттарының бірі ұшу-қону жолағындағы операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Атап айтқанда, әуе кемелерінің ұшып-қону жолағынан тыс шығуына байланысты авиациялық оқиғалардың үлесі шамамен 15%-ды құрайтындықтан, әуе кемелерінің шығып кету санын қысқарту, бұл ретте осы оқиғалар санатына барлық авиациялық апаттардың 50%-ы келеді. Ұшу-қону жолағынан тыс шығып кету жағдайларының 80%-ы қысқы уақытта атмосфералық жауын-шашынның болуы салдарынан ұшу-қону жолағында ілінісудің төмендеуіне байланысты.
GRF әдістемесі ұшу-қону жолағы бетінің жағдайына бағалау жүргізуге және хабарламаны дайындауға бүкіл әлемде біркелкі тәсілді қамтамасыз ете отырып, онда атмосфералық жауын-шашын болған кезде әуе кемелерінің ұшу-қону жолағынан тыс шығып кету жағдайларының алдын алу арқылы ұшу қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. ҰҚЖ-ның жай-күйі туралы хабарламаны әуе кемелерін өндіруші ұсынған ұшақтың ұшу-техникалық сипаттамалары туралы деректермен салыстыра отырып, ұшу экипажы қауіпсіз қону үшін ұшу-қону сипаттамаларын есептей алады.