Кіру

Басты бет >
Қазақстанда ұшу қауіпсіздік және тұрақты даму бойынша ИАТА аймақтық семинары өтті

03/10/2024

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі (ҚАӘ) Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (ИАТА) ұшу қауіпсіздігі мен тұрақты даму мәселелеріне арналған аймақтық семинарын өткізді.

Семинардың ашылуында Азаматтық авиация комитетінің Төрағасы Салтанат Томпиева мен ААК бас директоры Каталин Раду құттықтау сөз сөйледі. Олар өз сөзінде ИАТА-ның Еуропа бойынша өңірлік Вице-президенті Рафаэль Шварцман мырзаға аймақтық шараны Қазақстанда ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді. Вице-президент бастаған көптеген ИАТА сарапшыларының қатысуымен бұл семинар Қазақстанда алғаш рет өтті.

Семинарға авиациялық билік органдарының 70-тен астам мамандары, сондай-ақ 7 елдің – Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Моңғолия, Өзбекстан және Қазақстаннан авиакомпаниялардың, әуежайлардың, аэронавигациялық қызмет провайдерлерінің және жанармай жеткізушілерінің авиациялық қауіпсіздік және тұрақтылық жөніндегі сарапшылары қатысты (Aeroflot, Azeraeronavigation, Azerbaijan Airlines, Air Astana, Berkut, Centrumair, FlyArystan, Qazaq Air, SCAT, Prime Aviation, Халықаралық әуежай Алматы, Халықаралық әуежай Ақтау, Халықаралық әуежай Нұрсұлтан Назарбаев, «ҚазМұнайГаз-Аэро», «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы, Uzbekistan Airways, Qanot Sharq, TezJet, United Airports of Georgia).

Семинар ұшу қауіпсіздік, жерде қызмет көрсету және авиация саласындағы тұрақтылық салаларындағы соңғы трендтер мен озық тәжірибелерді талқылауға бірегей мүмкіндік берді. Ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша семинарды ұйымдастыруды Жанат Абдугалимов және Жанна Шек тұрақты даму мәселелері бойынша жүргізді. Семинар бағдарламасына ИАТА жетекші сарапшылары (Джанкарло Буоно – Еуропадағы ұшу қауіпсіздігі және ұшуды ұйымдастыру директоры, Сергей Балонусковс – аймақтық сыртқы байланыстар және тұрақты даму бөлімінің аға менеджері, Малвин Тан – коммерциялық отын бөлімінің басшысы, Леа Хуаннин – менеджер климаттың өзгеруі саясаты), азаматтық авиация саласының отандық сарапшылары мен ҚАӘ өкілдері, интерактивті талқылаулар және авиация саласындағы әріптестермен байланыс орнату мүмкіндіктері болды.