Кіру

Басты бет >
Қазақстанда ИКАО ұшу-қону жолағы бетінің жай-күйі туралы деректерді ұсынудың жаһандық форматына арналған аймақтық семинар өтеді

22/11/2023

28-29 қарашада Алматы қаласында ИКАО GRF – ҰҚЖ бетінің жай-күйі туралы деректерді ұсынудың жаһандық форматына арналған аймақтық семинар шеңберінде ICAO Халықаралық азаматтық авиация ұйымының, IATA халықаралық әуе көлігі қауымдастығының, АҚШ Азаматтық авиация федералдық басқармасының FAA, ҰҚЖ жай-күйін бағалауға арналған жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді өндіруші Moventor Oy сарапшылары қатысады.

Семинарда әуе кемесін ұшу-қону жолағынан тыс шығып кету тәуекелдерін төмендету мәселелері, GRF енгізу және қолдану тәжірибесі талқыланады.

Аймақтық семинар спикерлері ретінде Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду, ҚАӘ авиациялық инфрақұрылымының аға директоры Тамара Арчуадзе, ИКАО Метеорология жөніндегі аймақтық маманы Кристофер Кеохан, IATA ATM инфрақұрылым жөніндегі директордың көмекшісі Дмитрий Косолапов, Moventor Oy Бас директоры Микко Каллио және басқалар қатысады.

АҚШ-тың Федералды авиация әкімшілігінің өкілдері Чад Маккормак пен Эндрю Эдсторм 2016 жылдан бері АҚШ азаматтық авиациясында қолданылатын ұшу-қону жолағын бағалау жүйесі (TALPA) және ұшу-қону жолағын бағалау матрицасы (RCAM) туралы баяндама жасайды.

COVID-19 пандемиясына байланысты шектеулер GRF енгізу кезеңінде авиациялық персоналды даярлауға кері әсерін тигізді. IATA сарапшысы Дмитрий Косолапов авиациялық персоналды даярлаудағы, атап айтқанда, әуежайлар, аэронавигация мамандарын, ұшқыштарды GRF форматына даярлау заманауи тәсіл туралы айтып береді.