Кіру

Басты бет >
Қазақстанда алғаш рет жаңа кәсіби мереке – Азаматтық авиация қызметкерлері күні атап өтілуде

01/02/2024

2024 жылдың 1 ақпанында Қазақстан тарихында алғаш рет азаматтық авиация саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтіледі. Бүгінде еліміздің Азаматтық авиация саласында 20 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді.

Мереке аясында "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-да Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация қызметкерлері Күніне, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің ардагерлері мен әрекеттегі қызметкерлерін құрметтеу күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті.

Өз сөзінде Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, жоғары кәсібилігі мен саланың дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ бірқатар қызметкерлері ведомстволық наградамен және Қазақстан Республикасы Көлік министрінің алғыс хаттарымен марапатталды. Еңбекте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін, авиациялық индустрияны дамытуға қосқан ұзақ жылғы үлесі үшін "Еңбек ардагері" медалімен ұшуды пайдалану департаментінің аға авиациялық инспекторы Жамкен Тунликбаев, "Құрметті авиатор" төсбелгісімен, ұшуға жарамдылық департаментінің авиациялық инспекторы Виктор Долганов, Министрдің Құрмет грамотасымен ұшу қауіпсіздігі, сапа, Стратегия және стандарттарға сәйкестікті басқару департаментінің аға директоры – бас авиациялық инспекторы Жанат Абдугалимов, қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Меруерт Кумарова, Заң департаменті басқармасының басшысы Нуркен Турганбай, персонал департаментінің оқытуды ұйымдастыру жөніндегі аға менеджері Асем Дошикова, сондай-ақ Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бірқатар қызметкерлері Министрдің Алғыс хаттарымен марапатталды.

2023 жылғы 17 қарашада бекітілген Азаматтық авиация қызметкерлері күні елдің авиация саласында жоғары стандарттарды сақтауға және оның кадрларының кәсіби дамуын ынталандыруға деген ұмтылысын көрсетеді. Бұл оқиға Азаматтық авиацияның маңыздылығын және оның осы саладағы қауіпсіздік пен сапаны қамтамасыз етудегі шешуші рөлін басты назарға алады.

Сонымен қатар, сала өкілдері 2024-2027 жылдарға арналған Қазақстанның ұшу қауіпсіздігі жоспарын әзірлеуге қатысқаны үшін Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду атынан Алғыс хаттармен атап өтілді:

1. Виктор Вислапу – РГП «Казаэронавигация»

2. Ринат Давлетгариев - РГП «Казаэронавигация»

3. Назгуль Абишева – «Эйр Астана» AҚ

4. Анна Нужина - «Эйр Астана» AҚ

5. Ирина Даянова - «SCAT» AҚ

6. Альбина Тагиева - «SCAT» AҚ

7. Фараби Абдугалиев - «Qazaq Air» AҚ

8. Жомарт Урустемов - «Qazaq Air» AҚ

9. Сердар Нарышев – «Евро-Азия Эйр» AҚ

10. Гузель Серикбаева – «Алматы халықаралық әуежайы» AҚ

11. Думан Кенжебаев - «Алматы халықаралық әуежайы» AҚ

12. Рахат Алтаев - «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ

13. Сая Кургашова - «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ