03/09/2021
2021 жылғы 31 тамызда Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысына Қазақстан мен Венгрия арасындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесі қаралды.
Осылайша, ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мен ҚР Венгриядағы Елшілігінің бірлескен жұмысының арқасында 2021 жылғы 9 қыркүйектен бастап Венгрияның “Wizz Air” әуе тасымалдаушысы Будапешт пен Нұр-Сұлтан қалалары арасында А320 ұшақтарымен аптасына 1 рет тұрақты рейстерді қайта бастауды жоспарлап отыр.
Венгрияға жасалатын рейстер санын ұлғайту мәселесі эпидемиологиялық жағдайға және ведомствоаралық комиссияның тиісті шешімдеріне байланысты қабылданады.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.