06/09/2021
2021 жылғы 31 тамызда Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Ведомствоаралық комиссия) кезекті отырысына Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстерді ұлғайту мәселесі шығарылды.
Осылайша, 2021 жылдың қыркүйек айының ортасынан бастап Air Astana және Turkish Airlines әуе компаниялары (Air Astana – 17 қыркүйектен, Turkish Airlines – 25 қыркүйектен) Алматы – Ыстамбұл бағытындағы рейстер санын 2-ден 3 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, 2021 жылғы 22 қыркүйектен бастап SCAT әуе компаниясы Ақтөбе – Ыстамбұл бағытында аптасына 2 рейспен ұша бастайды.
Түркиямен арадағы рейстер санын әрі қарай арттыру эпидемиологиялық жағдайға, Ведомствоаралық комиссияның және Түркияның тиісті мемлекеттік органдарының шешімдеріне байланысты болады.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.