14/05/2024
Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы(ИКАО) 2050 жылға дейін Халықаралықрейстерден таза нөлдік эмиссияға қол жеткізумақсатын қойды. Осы мақсатқа қол жеткізушеңберінде ИКАО Еуропалық/СолтүстікАтлантикалық бюросының өңірлік директоры Николя Ралло Қазақстанға кезекті сапарыбарысында Қазақстан мен ИКАО арасындаэкологиялық авиациялық отын (ACT-SAF) саласында әлеуетті арттыру мен оқытудықолдау жөніндегі ИКАО бағдарламасынаҚазақстанның қосылуы туралы келісімге қолқойылды. Қазақстан тарапынан құжатқа Қазақстан Республикасы Көлік Вице-министріТалғат Ластаев, ИКАО тарапынан – ИКАО Еуропалық/Солтүстік Атлантикалықбюросының өңірлік директоры Николя Раллоқол қойды.
Осы құжатқа сәйкес ИКАО Қазақстанға ACT-SAF бағдарламасының іс-шараларын әзірлеугежәне оған қатысуға жәрдемдесетін болады, оған озық тәжірибе мен өзекті ақпарат алмасу, оқыту семинарлары мен тренингтеріне қатысу, ұлттық іс-қимыл жоспарларында SAF-қа байланысты мәселелерде техникалық көмеккөрсету және SAF бойынша нақты жобалардыіске асыру кіреді.