Кіру

Басты бет >
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде салтанатты жиналыс өтті

15/12/2022

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде салтанатты жиналыс өтті. Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бірқатар қызметкерлері грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің барлық қызметкерлері Қазақстандағы азаматтық авиацияны нығайтуға және дамытуға елеулі үлес қосты. Олардың ішінде қазақстандық азаматтық авиация саласының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар мамандар бүгін марапатталды, деп хабарлады Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду. Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің дамуына қосқан елеулі үлесі және адал еңбегі үшін алғыс хаттар табысталды.

Командалық марапаттар "Avsec бойынша өңірлік ынтымақтастық" командасына авиациялық қауіпсіздік саласындағы әріптестікті нығайту жөніндегі, "Брюссель техникалық сарапшылары" командасына Қазақстанның авиациялық әкімшілігің қадағалау мүмкіндіктерін қолдау үшін қауіпсіздік шараларын енгізу бойынша, "GRF енгізу" командасына жаһандық есеп беру форматы бойынша және "Тиімді шешімдер" командасына Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің тиімділігі мен өнімділігі жөніндегі арнайы жобаларды дайындауға және сәтті аяқтауға қосқан елеулі үлесі үшін берілді.

Барлық қазақстандықтар мен азаматтық авиация қызметкерлерін Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Біз шын жүректен табыс, амандық және Қазақстанның мақсаттарына қол жеткізуді тілейміз.