08/08/2022
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев авиация саласының бірқатар мамандарын Көлік қызметкерлері күнімен құттықтады.
Ведомство басшысы қазақстандық авиакәсіпорындардың әрбір қызметкерінің ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі, жолаушылар ағынын ұлғайтудағы және жолаушылардың жайлы саяхатын ұйымдастырудағы зор үлесін атап өтті.
Авиациялық биліктің халықаралық стандарттардың жоғары деңгейіне сәйкестендіру бойынша атқарылған жұмысы, сондай-ақ Еуропалық комиссияның Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі комитетімен тығыз өзара іс-қимыл атап өтілді.
"Қазаэронавигация" РМК бас директоры Азат Бектұровқа, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ бас директоры Каталин Радуға, Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевқа министрдің атынан Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов алғыс хаттар табыс етті.