Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Талғат Ластаев 24KZ телеарнасына берген сұхбатында бүгін Астанада басталған Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Авиациялық қауіпсіздік апталығы туралы айтып берді
20/10/2026
Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Талғат Ластаев 24KZ телеарнасына берген сұхбатында бүгін Астанада басталған Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Авиациялық қауіпсіздік апталығы туралы айтып берді. ИКАО-ның әлемдік деңгейдегі іс-шарасының өткізілуі еліміздің ұйыммен өзара ынтымақтастығының жоғары деңгейін және халықаралық авиациялық қоғамдастықтағы ұстанымының нығайып келе жатқанын көрсетеді.
Авиациялық қауіпсіздік апталығына қатысу үшін Астанаға ИКАО Бас хатшысы Хуан Карлос Саласар келді. Бұл оның Орталық Азия елдеріне жасаған алғашқы ресми сапары болды.