05/02/2024
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі алаңында ҚАӘ Бас директорының орынбасары Дархан Еспотановтың төрағалығымен жаңа құрамдағы Қазақстан Республикасының авиациялық қауіпсіздік жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының бірінші отырысы өтті.
Отырысқа ҚР КМ ААК, авиациялық әкімшілік, авиациялық сала және комиссия құрамына кірген мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Ведомствоаралық комиссия авиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетуге, ұсынымдар дайындауға және Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актілеріне қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігін қарауға бағытталған.
Отырыс қорытындысы бойынша еліміздің әуежайларында бірыңғай авиациялық қауіпсіздік қызметін құру және Қазақстанның алдағы ИКАО авиациялық қауіпсіздік аудитіне дайындығы жөніндегі мәселелер қаралды.
Азаматтық авиацияның авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық комиссияның келесі отырысын ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында өткізу жоспарлануда.