16/12/2021
Қазақстанның азаматтық авиациясы мемлекеттілігіміздің арқауы , ол - халқымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен әл-ауқатына тікелей әсер ететін экономиканың күретамыры.
Тәуелсіздіктің 30 жылында ұшу қауіпсіздігікөрсеткіші дамыған елдердің деңгейіне көтерілді.ИКАО аудиторларының ИКАО-ның Үйлестірілгенвалидациялық миссиясы (ICVM) шеңберіндесаланы тәуелсіз тексеру қорытындылары бойыншаҚазақстан ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудеңгейін 74%-дан 84%-ға дейін арттырды. Бұләлемдік орташа көрсеткіштен 15%-ға жоғары.
Азаматтық авиацияны басқару тәсілдерінтүбегейлі реформалау жүргізілді. Мұндай тәсіл Қазақстанда алғаш рет енгізілді және ТМД елдері арасында бірегей болып табылады. Қабылданған шаралар бақылау мен қадағалаудың тиімділігін арттыруға, Қазақстанның азаматтық авиациясының халықаралық аренадағы имиджін жақсартуға мүмкіндік берді.
Ұшу географиясын кеңейту және көліктің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның 11 әуежайында "ашық аспан" режимі енгізілді. 68 бағыт бойынша 24 елмен жаңа халықаралық әуе рейстері ашылды және жаңартылды, бұл пандемияға дейінгі кезеңнің 66% құрайды.
Тәуелсіздік жылдарында барлығы 18 әуежайдаұшу-қону жолақтарын қайта құру/салу және 13 әуежайда терминалдарды қайта құру/салу жүргізілді. 2020 жылы Түркістанда әуежайсалынып, тәуелсіз Қазақстандағы алғашқыgreenfield әуежайы болды.
Салада цифрландыруды дамытуға үлкен мәнберіледі. "E-Freight" жүк әуе тасымалдарысаласында қағазсыз құжат айналымы жобасы іскеасырылуда. Жеке деректерді растауға арналғанцифрлық құжат қызметі Egov Mobile енгізілді.
Барлық қазақстандықтар мен азаматтықавиация саласының қызметкерлерін ҚазақстанРеспубликасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығыменқұттықтаймыз! Ашық аспан, табыс, амандықжәне Қазақстанның игілігі үшін алға қойылғанмақсаттарға жетуді шын жүректен тілейміз.