Кіру

Басты бет >
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының тұрақты рейстерін қалпына келтіру туралы

23/09/2020

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Үкіметтерінің шешімдері бойынша 2020 жылғы 21 қыркүйектен бастап Қазақстан мен Ресей арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін қалпына келтіруге рұқсат етілді.


ҚР мен РФ арасындағы рейстер бастапқы кезеңде Нұр-Сұлтан – Мәскеу бағыты бойынша «Эйр Астана» және «Аэрофлот» әуе компанияларымен әр тараптан аптасына бір рейстен орындалатын болады.


«Эйр Астана» әуекомпаниясы Қазақстан мен Ресей арасындағы рейстерді 2020 жылғы 26 қыркүйектен, “Аэрофлот” ұшуларын 2020 жылғы 27 қыркүйектен бастауды жоспарлап отыр.


Рейстер Қазақстан мен Ресейдің санитарлық-эпидемиологиялық нормаларын қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалатындығын атап өту керек.


ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің талаптарына сәйкес Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына жолаушылар рейстерімен келетін жолаушылар үшін келесі шектеу шаралары белгіленген:


1. термометрия;
2. сауалнама;
3. алған сәтінен бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту сәтінде 5 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар COVID-19-ға тексерілгені туралы анықтама болған жағдайда – шектеусіз; анықтама болмаған жағдайда – келген жері бойынша ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру немесе 14 күнге үй карантині.