Кіру

Басты бет >
Қазақстан мен Қырғызстан әуе биліктері ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

06/06/2024

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі және Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Азаматтық авиация мемлекеттік агенттігі (ҚРМК ААМА) ұшу қауіпсіздігінің, авиациялық қауіпсіздіктің деңгейін арттыру және авиация саласының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін азаматтық авиация саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Тараптар ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша әдістер мен құралдар туралы тәжірибе және ақпарат алмасу, азаматтық авиация саласындағы оқыту, біліктілікті арттыру және іс-жүзіндегі тәжірибені кеңейту, оқыту мақсатында мамандармен алмасу, азаматтық авиация саласындағы біліктілікті арттыру және іс-жүзіндегі тәжірибені кеңейту, бірлескен жұмыс топтарында жұмыс істеу, салалық іс-шараларға қатысу және бірлескен кездесулер, конференциялар, семинарлар және т. б. арқылы өзара ынтымақтастықтың бірқатар бағыттарын белгіледі.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Бас директоры Каталин Раду мен ҚРМК ААМА басшысы Данияр Бостонов әуе биліктері арасындағы ынтымақтастықты тереңдету ұшу қауіпсіздігі, авиациялық қауіпсіздік және тұрақты даму саласындағы бірлескен жұмысты жаңа деңгейге шығаруға, тиімділікті арттырудың жаңа жолдарын табуға мүмкіндік беретінін атап өтті.