02/10/2025
ИКАО Ассамблеясының 42-ші сессиясы аясында ҚР КМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева Польша делегациясының басшылығымен және LOT Polish Airlines әуе компаниясымен жұмыс кездесу өткізді.
Тараптар Қазақстан мен Польша арасындағы әуе қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады: маршруттық желіні кеңейту, жолаушылар мен бизнес үшін қолжетімділікті арттыру, сондай-ақ транзиттік және тоғысатын тасымалдар бойынша жаңа бастамалар қаралды.
Салтанат Томпиева Қазақстан мен Польшаның шарттық-құқықтық базасы азаматтық авиациядағы екіжақты ынтымақтастықтың берік іргетасы екенін атап өтті. Оның айтуынша, LOT Polish Airlines қазақстандық жолаушылар арасында ең танымал таңдаулардың бірі болып саналады және екі ел арасындағы байланыстарды нығайтуға елеулі үлес қосып келеді.
Поляк тарапы Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге, рейстер санын арттыруға және Қазақстанда жаңа келу пункттерін ашуға ниетті екенін растады.
Қазақстан өз кезегінде қызмет көрсету сапасын арттыруға, транзиттік әлеуетті дамытуға және екі ел арасындағы іскерлік байланысты нығайтуға бағытталған алдағы бірлескен бастамаларды дамыту үшін келіссөздер жүргізуді ұсынды.