09/10/2026
Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің Ұлыбританияның сауда жөніндегі мемлекеттік министрі, лорд Анас Сарвармен кездесуіне қатыстым.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары талқыланып, стратегиялық әріптестікті нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.
Британдық делегацияның сапары екі ел арасындағы қарым-қатынастарға жаңа серпін беріп, қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты іске асыруға жол ашады.
Осыған байланысты азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылап, өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың негізгі бағыттарын айқындадық. Бұл біздің сала үшін әріптестікті дамытуға, тәжірибе алмасуға және екі ел арасындағы әуе қатынасының сапасын арттыруға жаңа мүмкіндіктер береді.
Сонымен қатар ашық әрі сындарлы диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделі екенімізді растадық.