Кіру

Басты бет >
Қазақстан мен Кувейт арасында әуе қатынасы ашылды

03/12/2021

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Кувейттің "Jazeera Airways" әуе компаниясы A320/A20N әуе кемесімен Алматы мен Эль-Кувейт қалалары арасында жаңа бағыт бойынша аптасына 2 тұрақты рейс орындауды бастады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Аталған бағыт елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты, туризм мен іскерлік әріптестікті дамытуға ықпал етеді.