Кіру

Басты бет >
Қазақстан мен Канаданың авиациялық биліктері әуе көлігі саласындағы өзара әріптестікке келісті

27/09/2019

Монреаль қаласында (Канада) Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымының (ИКАО) мерейтойлық Ассамблеясында Қазақстан делегациясының Канаданың авиациялық билік өкілдерімен әуе көлігі саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесуі өтті. Сондай-ақ, Канадалық делегация құрамындағы кездесуге Канада Сыртқы істер министрлігінің, Көлік министрлігінің және көлік агенттігінің өкілдері қатысты.


Кездесу барысында тараптар халықаралық әуе тасымалы саласындағы өзара әріптестікті, Екі тарап арасындағы әуе қатынасы туралы келісім, сондай-ақ екі елдің әуе тасымалдаушылары арасындағы келісім мәселелерін талқылады.


Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында жұмыс әдістерін жетілдіру және тәжірибе алмасу процесін жақсарту мақсатында ағымдағы жылдың қазан айында Канада авиациялық билік өкілдері делегациясының Қазақстанға сапары жоспарлануда.