18/11/2026
Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Әуе көлігі жөніндегі дүниежүзілік конференциясы аясында өткен екі жақты кездесу барысында Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева Хорватия Азаматтық авиация агенттігінің директоры Ана Капетановичке Қазақстанның азаматтық авиация саласындағы негізгі жетістіктері туралы баяндады.
Сонымен қатар тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын, ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік реттеу және қадағалау саласында тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін, ИКАО-ның халықаралық стандарттары мен ұсынылатын практикасын енгізу мәселелерін, сондай-ақ екіелдің авиациялық ведомстволары арасындағы кәсіби өзара іс-қимыл аспектілерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша азаматтық авиацияны одан әрі дамыту, авиация саласының қауіпсіздік деңгейі мен тиімділігін арттыру мақсатында халықаралық әріптестікті нығайтудың және сындарлы диалогты қолдаудың маңыздылығы расталды.