Кіру

Басты бет
Қазақстан мен EUROCONTROL әуе қозғалысын басқару саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселесін талқылады

30/09/2025

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының 42-сессиясы аясында ҚР КМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева EUROCONTROL бас директоры Рауль Мединамен кездесті. Кездесуге сондай-ақ ұйым аппаратының басшысы Энрике Фрайле-Риеско, институционалдық байланыстар жөніндегі кеңесші Дэвид Т. Ллойд, EUROCONTROL Бас директорының аға кеңесшісі Предраг Вранькович қатысты.

Тараптар әуе қозғалысын басқарудағы негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады.

Салтанат Томпиева: «Еуразияның қақ ортасында орналасқан Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік әуе тасымалдарын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Біздің басты басымдығымыз – ұшу қауіпсіздігін одан әрі арттыру, әуе қозғалысын басқарудың тиімділігін көтеру және рәсімдерді халықаралық және еуропалық стандарттармен үйлестіру», - деді.

Қазақстан мемлекетке EUROCONTROL-да толыққанды мүше болуға, сондай-ақ, дауыс беру құқығын қоспағанда, еуропалық қатысушылардың құқықтары мен міндеттері бар; аэронавигация, маршруттау және алымдар алу саласында жалпыеуропалық ережелерді қолдану мүмкіндігін беретін келісімге қол қою ниеті туралы мәлімдеді. Сонымен қатар, құжат нормативтік актілер мен техникалық стандарттарды өзара тануға, сондай-ақ ЕО-ның стратегиялық бастамаларына қатысуға мүмкіндік береді.

Рауль Медина мұндай келісімге қол қоюды қарастыратынын растады: «Біз техникалық және кешенді келісімдерді қолдана отырып, елдермен, негізгі аймақтармен өзара әрекеттесеміз. Сіз бұған қызығушылық танытқаныңызға қуаныштымыз. Менің ойымша, бұл сіз үшін де, біз үшін де, Еуропа үшін де жағымды тәжірибе болады. Біз бұған толығымен қызығушылық танытамыз», - деді.

 Тараптар құжатқа қол қою мүмкіндігі бойынша жұмысты бастауға және алғашқы қадам ретінде келісімнің егжей-тегжейін талқылау және пысықтау үшін техникалық жұмыс кездесуін өткізуге уағдаласты.

 

Анықтама

EUROCONTROL – Еуропадағы әуе қозғалысын басқаруды үйлестіретін үкіметаралық ұйым, оған Орталық маршруттау бюросы (CRCO) мен бірыңғай еуропалық аспан жүйесі кіреді.

«Comprehensive Agreement» (Кешенді келісім) — ЕО-ға мүше емес, бірақ Еуропалық елдермен тең дәрежеде EUROCONTROL жүйесіне интеграцияланғысы келетін мемлекеттер жасайтын құжат. «Comprehensive Agreement» EUROCONTROL жүйесіне толыққанды қосылуды қамтамасыз етеді.