Кіру

Басты бет
Қазақстан мен EASA ынтымақтастық перспективаларын талқылады

26/09/2025

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының 42-сессиясы аясында ҚР КМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева Еуропалық ұшу қауіпсіздігі агенттігінің (EASA) стратегия, қауіпсіздікті басқару, тұрақты даму және жаһандық өзара іс-қимыл жөніндегі директоры Мария Ньевес Руэда Гарсиамен кездесті.

Кездесуге сондай-ақ Қазақстан Республикасының ИКАО жанындағы Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов пен Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің ұшу қауіпсіздігі, стратегия, стандарттау және үйлестіру жөніндегі атқарушы директоры Жанат Әбдуғалимов қатысты.

Келіссөздер барысында Қазақстан мен EASA арасындағы институционалдық ынтымақтастықты тереңдетудің практикалық қадамдарына, сондай-ақ Қазақстанның Еуразиядағы өңірлік авиациялық хаб ретіндегі рөліне басымдық берді.

Салтанат Томпиева: «EASA-мен өзара тығыз іс-қимыл Қазақстан үшін ұшу қауіпсіздігі және «жасыл» күн тәртібі саласында үздік еуропалық тәжірибелермен одан әрі үйлестірудің және саланы трансформациялаудың қозғаушы күші болып табылатынын», - деп атап өтті.

Мария Ньевес Руэда Гарсиа өз сөзінде: «Біз тиімді ынтымақтастық үшін Қазақстанға алғыс білдіреміз және сіздердің өңірлік бастамаларыңызды жоғары бағалаймыз. Біз бірлескен жұмысты жалғастыруға, болашақ жобалардың тетіктерін талқылап, ресурстарды бөлу мен қолданыстағы келісімнен тыс ынтымақтастықты кеңейтуді талқылауға дайынбыз. Қазақстанның Авиациялық әкімшілігі өкілдерінің біздің жұмыспен бірге сарапшылар деңгейіндегі өзара іс-қимылды нығайту маңызды», – деді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ұшу қауіпсіздігі, аэронавигация, тұрақты даму (SAF) және кадр даярлау салаларында ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеді. Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру еуропалық стандарттармен үйлестіруді жеделдетуге, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға және бүкіл өңір бойынша жолаушылар мен әуе компанияларына көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.