01/10/2025
Монреальда өтіп жатқан ИКАО Ассамблеясының 42-сессиясы аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева мен ИКАО Кеңесінің президенті Сальваторе Шаккитаномен кездесті.
Тараптар Қазақстанның азаматтық авиациядағы басымдықтарын: SARP-мен одан әрі үйлестіру, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті арттыру, халықаралық байланыс пен транзиттік әлеуетті дамыту, сондай-ақ тұрақты күн тәртібі – SAF және шығарындыларды азайту мәселелерін талқылады.
Салтанат Томпиева Қазақстан ИКАО Ассамблеясының сессиясына алғаш рет 33 авиациялық бастама ұсынғанын атап өтті. Біздің еліміз ең үздік халықаралық стандарттарды жүйелі түрде енгізуде және қауіпсіздікті, қызмет көрсету сапасын жақсартатын практикалық жобаларға бағытталған.
Сальваторе Шаккитано Қазақстанның азаматтық авиацияны дамытудағы жетістіктерін жоғары бағалап, ИКАО-ның тұрақты қолдау көрсететінін айтты. Тараптар таяу болашаққа арналған жобалар, соның ішінде ИКАО өңірлік бастамалары бойынша ИКАО-мен мазмұнды үйлестіруді жалғастыруға уағдаласты.