Кіру

Басты бет >
ҚАЗАҚСТАН ЕУРОПАЛЫҚ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ

27/01/2021

Қазақстан Еуропалық азаматтық авиация конференциясының бақылаушы мәртебесін алып, ТМД елдерінің арасында осы ұйымға қабылданған үшінші мемлекет болды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Еуропалық азаматтық авиация конференциясымен (ЕСАС) ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Ынтымақтастық ұшу қауіпсіздігі, авиациялық оқиғаларды тексеру, авиациялық қауіпсіздік, қоршаған орта және халықаралық азаматтық авиацияның басқа да салаларын қамтиды.


Азаматтық авиация комитеті 5 жылдан астам ECAC-қа бақылаушы ретінде қосылу үшін жұмыс жүргізді. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі іске қосылғаннан бері бұл мәселені пысықтау ИКАО өңірлік офисінде және Еуропалық комиссияда өткізілген кездесулерде күшейтілді.


Қазақстан ECAC-қа бақылаушы бола отырып, қазақстандық тасымалдаушылардың ұшу қауіпсіздігі, ұшу географиясын кеңейту, қоршаған орта проблемалары, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздік мәселелері сияқты жалпыеуропалық деңгейде біздің еліміз үшін бірінші кезектегі маңызы бар мәселелерді талқылау мүмкіндігіне ие болды. Байқаушылар ECAC өткізетін барлық ашық отырыстар мен конференцияларға қатысады.


ECAC бақылаушыларға персоналды даярлауда және еуропалық стандарттарды бейімдеу барысында техникалық көмек алуға, азаматтық авиация саласындағы отандық еуропалық заңнамамен үйлестіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біздің авиациялық билік орындарының ECAC-ға қатысуы Қазақстанның азаматтық авиациясының бүкіл әлемдік қауымдастыққа интеграциялануын тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Отырысқа бақылаушы ретінде қатысу Еуропалық комиссияға, Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі Еуропалық авиациялық агенттігі (ЕАЅА), Еуропа әуе навигациясы қауіпсіздігі ұйымы (Eurocontrol), сондай-ақ ИКАО Еуропалық өңірлік бюросының директорларына да қолданылады. ECAC басқа өңірлік ұйымдармен және ИКАО-ға мүше мемлекеттермен, АҚШ-пен азаматтық авиацияның бірқатар мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді.
Қазақстанның авиациялық билік орындары алдағы уақытта ECAC толық құқықты мүшесі болуды жоспарлап отыр, бұл тек ECAC мүше-мемлекеттері үшін жабық отырыстарға қатысуға мүмкіндік береді және Қазақстанда азаматтық авиацияның еуропалық стандарттарын енгізу бойынша одан әрі қамтамасыз етеді.

Анықтама:

Еуропалық азаматтық авиация конференциясы (ЕСАС) 1955 жылы құрылған үкіметаралық құрылым болып табылады. Оған 44 мүше мемлекет, соның ішінде Еуропалық Одақтың 28 елі (Ұлыбритания, Нидерланды, Германия, Франция және басқалары), сондай-ақ ТМД елдерінің арасында Әзірбайжан мен Армения кіреді.


ЕСАС әуе көлігі өндірісінің перспективаларын, әуе жолаушылары мен тасымалдаушылардың мүдделерін, қауіпсіздік мәселелерін талқылауға арналған пікірталас алаңы. Бұған конференцияның сараптамалық рөлі, оның Халықаралық азаматтық авиация ұйымымен және Еуропалық Кеңеспен байланысы, Eurocontrol-мен ынтымақтастығы, EASA тарапынан қолдау және басқа да ұйымдармен өзара әрекеттесуі ықпал етеді.