20/11/2024
Канаданың Монреаль қаласындағы ИКАО штаб-пәтерінде ICAO Traveller Identification Programme (ICAO TRIP) жолаушыларды сәйкестендіру бағдарламасына арналған XIX симпозиум мен көрме өтті. Симпозиумға Австралия, Индонезия, Нидерланды, АҚШ, Ұлыбритания, Финляндия, Франция және ИКАО-ға мүше басқа мемлекеттерден 600-ден астам өкілдер қатысты.
2024 жыл – "Формальдылықты жеңілдету" 9-қосымшасының 75 жылдығына, халықаралық әуе тасымалы кезіндегі формальдылықты жеңілдету процесіне және TRIP стратегиясына арналған ИКАО жылы.
TRIP симпозиумы TRIP стратегиясының бес элементіне, атап айтқанда тұрақты сәйкестендіру процестері, машинамен оқылатын жол жүру құжаттары саласындағы стандарттар, техникалық талаптар мен озық тәжірибелер, қорғалған жол жүру құжаттарын беру және ақпарат алмасу технологияларына арналды. Әлемдік деңгейдегі шара – симпозиум жолаушыларды сәйкестендірудің және әуе тасымалы кезіндегі формальдылықты жеңілдетудің барлық процестері бойынша озық тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
Биылғы симпозиумның тақырыбы – кедергісіз саяхат үшін процестерді үйлестіру. Жеті панельдік сессия барысында жол жүру құжаттарын цифрландыруға, жеке басын сәйкестендіру процестеріне, электрондық паспорттарды берудегі және растаудағы жаңа технологияларға, биометрияға, жол жүру құжаттарын беруге және мигранттардың жеке басын сәйкестендіруге, шекаралық бақылаудан өтудегі жаңа технологияларға арналған тақырыптар қозғалды.
Канада, АҚШ, Қытай, Нидерланды, Финляндия сияқты елдердің және халықаралық ұйымдардың әлемдік деңгейдегі сарапшылары: БҰҰ БЖКБ, ХКҚҰ, ЮНИСЕФ, ИНТЕРПОЛ сондай-ақ ИКАО, ISO және ICAO TAG TRIP (TRIP техникалық консультативтік тобы) формальдылықты жеңілдету жөніндегі жұмыс топтарының сарапшылары, ICBWG (іске асыру әлеуетін дамыту жөніндегі жұмыс тобы) және NTWG (жаңа технологиялар жөніндегі жұмыс тобы) TRIP стратегиясының бағыттары бойынша жаңа технологияларды енгізуді және оның шеңберінде инновацияларды енгізу мүмкін болатын нормативтік-құқықтық базаны ұсынды, бұл кедергісіз саяхат процестерін оңтайландыра отырып, мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын күшейтуге мүмкіндік береді.
Қазақстандық делегацияда ИКАО-дағы ҚР Тұрақты өкілі Тимур Тілегенов, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің, Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның және Алматы халықаралық әуежайының қызметкерлері болды.
Іс-шараны ИКАО Бас хатшысы Хуан Карлос Саласар аяқтады. Формальдылықты жеңілдету бойынша келесі жаһандық деңгейдегі форум 2025 жылдың сәуір айында Дохада өтеді. Айта кетейік, 2025 жылы Қазақстанда авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО аудиті өткізіледі, оның құрамында халықаралық әуе тасымалы кезіндегі формальдылықты жеңілдету, оның ішінде TRIP стратегиясының элементтерін іске асыру және қолдану мәселелері қаралатын болады.