29/09/2019
Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымының (ИКАО) мерейтойлық Ассамблеясы 2019 жылғы 24 қыркүйекпен 4 қазан аралығында Монреал, Канада, ИКАО штаб-пәтерінде өтуде. ИКАО Ассамблеясы тәуелсіз орган және әлемдік азаматтық авиация алдында тұрған аса маңызды міндеттерді талқылау мен шешімдер қабылдау үшін ИКАО Кеңесімен үш жылда кемінде бір рет шақырылады.
Ассамблеядағы Қазақстан өкілі "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ Авиациялық қауіпсіздік департаментінің директоры Дархан Қатышев "ИКАО аймақтық бюросының авиациялық қауіпсіздік саласында елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы рөлі" тақырыбында баяндама жасады.
Баяндамада Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық аймақ елдерінің арасындағы тиімді ынтымақтастық, ақпарат алмасу және үйлестіру мәселелері көтерілді. Париждегі ИКАО Бюросының негізінде, авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО Ассамблеясының тиісті стандарттар мен резолюцияларын жүзеге асыруда аймақтың барлық мемлекеттеріне қолдау көрсететін коммуникациялық алаң құру. Қазақстан Республикасының баяндамасын Ресей Федерациясы және бірқатар басқа елдер қолдады.
Ассамблеяның атқарушы комитетінің төрағасы ИКАО аймақтық бюросының авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ИКАО талаптарын орындау кезінде мемлекеттерді үйлестіру мен қолдаудағы жұмысының маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының баяндамасында көтерілген мәселелердің өзектілігін жоғары бағалады.