10/06/2024
2024 жылғы 3-6 маусым аралығында Монреальдағы (Канада) ИКАО кеңсесінде Киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшылар тобының CYBERP/3 киберқауіпсіздік жөніндегі үшінші отырысы өтті. Кездесуге IATA, AFCAC, ACI, ASECNA, ECAC, CANSO, CACANS, ЕО, EU, EUROCONTROL, GEA, ICCAIA, IFALPA, IFALPA, IAC сияқты 40-тан астам мемлекеттің сарапшылары қатысты. Қазақстан тарапынан байқаушы ретінде «Қазақстанның Авиация әкімшілігі» АҚ авиациялық қауіпсіздік басқармасының киберқауіпсіздік жөніндегі аға авиация инспекторы Нұрлан Қожахметов қатысты. Кездесу бағдарламасы аясында CYBERP/2 нәтижелері бойынша күрделі мәселелер, жаңа әзірлемелер мен озық тәжірибелермен алмасу талқыланды. Сондай-ақ, комитеттердің жұмыс топтары киберқауіпсіздік жөніндегі Нұсқаулық пен глоссарийді әзірлеу, SARPs жүйесіндегі олқылықтарды талдау және жаһандық киберқауіпсіздіктер қажеттілігі туралы мәселелерді қамтыды. Оның ішінде дағдарыстық жағдайларға ден қою және азаматтық авиацияда жобалау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі ең төменгі тәсілін белгілеу жөніндегі шаралар. Азаматтық авиацияда киберқауіпсіздік шараларын күшейту, маңызды ақпараттық инфрақұрылымды қорғау, жаһандық стандарттар мен тәжірибелерді және оқиғалар туралы хабарлауды жетілдіру қажеттігі атап өтілді. ИКАО азаматтық авиация нысандарының киберқауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды факторы киберқауіпсіздік жөніндегі инспекторларды даярлау, олардың кәсібилігі және оқу бағдарламалары арқылы жаһандық авиациялық қауіпсіздікті арттыру болып табылатынын мойындады. CYBERP/3 киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшылар тобының отырысына қатысу киберқауіпсіздікке қатысты мәселелерді шешуде тәжірибе жинақтауға, сондай-ақ ИКАО-ға мүше елдер арасында авиациялық киберқауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылды және озық тәжірибе алмасуды күшейтуге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн, оларды Қазақстан Республикасының авиациялық киберқауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне енгізуге мүмкіндік береді.