19/05/2020
Бірқатар уақыттан бері ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ ИКАО және ДДCҰ сарапшыларымен әуе көлігі арқылы аурудың таралу мәселелері бойынша бірлесіп жұмыс істеуде. Нәтижесінде, Қазақстанға аурудың таралу қаупіне қарсы күрес үшін ИКАО мен ДДСҰ құрған ерікті халықаралық орган – CAPSCA-ға қосылу ұсынылды. Бұл авиациялық қауіпсіздікті жетілдіру үшін елдің авиациялық билік орындары жүргізетін қызметтің аз ғана бөлігі. Жүргізілген жұмыстардың жиынтығы Халықаралық Ұйымның авиациялық қауіпсіздік саласында қол жеткізген жетістіктерін мойындау болды.
Бүгінгі таңда CAPSCA мамандары азаматтық авиацияның жолаушылар тасымалын қалпына келтіру және COVID-19 таралуы жағдайында әуе кемелері экипаждарының ұшуды қауіпсіз орындауын қамтамасыз ету шараларын талқылауда. Ұшуларды үздіксіз орындауды қолдау бойынша CAPSCA кеңесі тұрақты түрде он-лайн режимінде азаматтық авиацияда мүдделі тараптармен ДДСҰ-мен, қоғамдық денсаулық сақтау органдарымен және ИКАО үйлестірушілерімен тығыз ынтымақтастықта өткізіледі. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі осы форумдарға қатысу үшін медициналық қызметкерлерінің бірін және жедел сарапшыны тағайындады.
Жолаушылар рейстері авиацияны қалпына келтірудің толық бағдарламасының бөлігі ретінде қарастырылады және арнайы әзірленген іс-шаралардың көмегімен денсаулық үшін қауіпті жою кезінде жолаушылардың сенімін қалпына келтіруге ерекше назар аударылады.
COVID-19 шыққаннан бері жүздеген ғылыми мақалалар жарияланды және үнемі үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. ИАТА медициналық консультанттары мен 10 ірі әуекомпанияның медициналық директорлар тобының сараптамалық бағалары негізінде дайындалған есепте, сондай-ақ 70 әуекомпанияның (әлемдік жолаушылар ағынының жартысын құрайтын) баяндамасында ұшу кезінде жолаушыдан жолаушыға COVID-19 жұқтырған бірде-бір жағдай тіркелмеген.
Мамандардың пікірінше, вирустың ұшу кезіндегі таралу ықтималдығының төмен болуы әуе кемесіндегі вирустық инфекцияның тікелей таралуына кедергі келтіретін ауа ағынының ауа ағынының сипаттамасы мен бағытының ерекшеліктерімен байланысты. Әуе кемесі – қысымдағы алюминий құбырының бір түрі. Ауа атмосферадан түседі және салонның жоғарғы бөлігіне беріледі. Таза ауа іште айналады, ал енді қажет емес барлық шығатын ауа төменгі бөлікке түседі, едендегі желдету тесіктері арқылы лайнердің құйрығына және одан сыртқа шығады. Қазақстандық үйлестірушілер әлемнің басқа қатысушыларымен бірлесе отырып, аурулардың берілу мәселесін шешу үшін осы сұрақтарды зерттейді.
Питер Гриффитс, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры:
«Жаһандық мәселелермен жұмыс жасау кезінде осы шараларды талқылау үшін құрылған ұйымдардаң жұмысына қатысу өте маңызды. Осы ұйымға қосыла отырып, Қазақстан жаһандық шараларға қатысып, өз үлесін қосып қана қоймай, сонымен қатар оның қосқан үлесі инфекцияның таралу қаупін мүмкіндігінше төмен деңгейде сақтап қалуын қамтамасыз етуден де ұтады».
CAPSCA – азаматтық авиациядағы қоғамдық денсаулық сақтау іс-шараларын басқару құқығымен 2006 жылы SARS-тің өршуіне байланысты дағдарыстан кейін ИКАО-мен құрылған жоба.