23/04/2026
ICAO Global Implementation Support Symposium 2026 аясында ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева сондай-ақ Дания, Экваторлық Гвинея, Гвинея-Бисау Республикасы және Индонезия Республикасының авиациялық билік өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Кездесулерге Данияның ИКАО Кеңесіндегі Тұрақты өкілі Хенрик Эллерманн мырза, Экваторлық Гвинеяның Азаматтық авиация және әуежай инфрақұрылымы жөніндегі мемлекеттік хатшысы Педро Обама Рабаго мырза, Гвинея-Бисаудың Көлік, телекоммуникациялар және цифрлық экономика министрі Флорентино Мендес Перейра мырза, Индонезия Азаматтық авиация бас дирекциясының хатшысы Ахмад Сетийо Правобо мырза қатысты. Қазақстан Республикасы тарапынан кездесулерге Қазақстан Республикасының ИКАО жанындағы Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза қатысты. Кездесулер барысында азаматтық авиация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері, соның ішінде мемлекеттердің ИКАО аясындағы өзара іс-қимылы, саланың негізгі бағыттары бойынша тәсілдерді үйлестіру, екіжақты әуе қатынасын дамыту, авиациялық қауіпсіздік пен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік реттеуді ИКАО-ның халықаралық стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес жетілдіру мәселелері талқыланды. Кадрлық әлеуетті дамыту, тәжірибе және озық практикалармен алмасу, халықаралық стандарттарды, инновациялар мен цифрландыруды енгізу, сондай-ақ ИКАО аудиттеріне дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Салтанат Томпиева заманауи сын-қатерлерге тиімді жауап беру және жаһандық авиациялық жүйенің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін ИКАО-ға мүше мемлекеттердің күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын атап өтті. Кездесулер қорытындысы бойынша екіжақты іс-қимылды одан әрі нығайтуға, серіктестікті кеңейтуге және ИКАО шеңберінде бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара қызығушылық расталды.