Кіру

Басты бет
Қазақстан авиациялық персонал куәліктерін цифрландыру жолында

30/04/2025

Қазақстан Республикасында авиациялық персоналға арналған пластикалық куәліктерді беру басталады. Құжаттың жаңа форматының таныстырылымы Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде өтті.

Бұл қадам ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің модернизациялау және цифрландыру, сондай-ақ авиациялық персоналға күәлік беру рәсімдерін оңтайландыру стратегиясының бір бөлігі болып табылады.

Пластикалық карталар түріндегі авиациялық персонал куәліктерінің артықшылығы – олардың қауіпсіздігі, экологиялық тазалығы және ұзақ мерзімділігі. Олар пайдалану үшін ыңғайлы ғана емес, сонымен қатар голограммалар мен QR-кодтар сияқты заманауи қорғаныс құралдарымен жабдықталған, бұл оларды жалған жасау мүмкіндігін іс жүзінде жоққа шығарады.

Авиациялық персоналға арналған пластикалық куәліктерді енгізу Еуропалық Одақтың бірнеше елдерінде және АҚШ-та сәтті жүзеге асырылғанын айта кету керек.

Кезең-кезеңмен енгізу жоспарлануда, биылғы жылдың 1 мамырынан бастап жаңа форматтағы куәліктер әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлеріне беріле бастайды. Жыл соңына дейін бұл процесс әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету персоналына, ұшқыштарға және басқа да авиациялық персонал санаттарына таралады.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі авиация саласындағы қауіпсіздік пен сапа стандарттарын жақсарту бойынша белсенді жұмыс істеуде. Пластикалық карталарды енгізу осы бағыттағы маңызды қадам болып табылады, авиациялық персоналдың сенімді сәйкестендірілуін және деректердің қорғалуын қамтамасыз етеді.