Кіру

Басты бет
Қазақстан авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеу саласында ИКАО-мен ынтымақтастықты нығайтуда

08/07/2026

Канаданың Монреаль қаласында қазақстандықделегацияның Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Бас хатшысының міндетінатқарушы, ИКАО Әуе көлігі бюросының (ATB) директоры Мұхамед Рахмамен кездесуі өтті.

Қазақстандық делегация құрамына ҚазақстанРеспубликасының ИКАО жанындағы Тұрақты өкіліТимур Тлегенов, Қазақстан Республикасы Көлікминистрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің директоры Нұржан Малаев, «Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеп-тексеру орталығы» АҚ (бұдан әрі – Орталық) Басқарма төрағасы Дархан Қатышев, сондай-ақ Қазақстанның авиациялықәкімшілігі мен «Қазаэронавигация» РМК өкілдерікірді.

ИКАО делегациясының құрамында ИКАО Аэронавигация бюросының (ANB) аэронавигация және ұшу қауіпсіздігі жөніндегі директордыңорынбасары Паскаль Лучиани, ИКАО ANB мониторинг, қадағалау және үйлестіру жөніндегідиректордың орынбасары Серкан Симитчиоғлу, ИКАО Әлеуетті дамыту және енгізу бюросыдиректорының орынбасары Мигель Марин, сондай-ақ ИКАО хатшылығының қызметкерлері болды.

Кездесу барысында қазақстандық делегация жаңадан құрылған Орталықтың қызметі мен алдағыдаму жоспарларын таныстырды.

Орталық – ТМД мемлекеттері арасында ИКАО-ның халықаралық стандарттары мен ұсынылатынпрактикасына сәйкес авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеп-тексеру үшін құрылғаналғашқы мамандандырылған органдардың бірі.

Кездесу қорытындысы бойынша Орталық пен ИКАО арасында Қазақстандағы авиациялықоқиғалар мен инциденттерді тергеп-тексеружөніндегі жаңа органның институционалдықәлеуетін нығайтуға бағытталған келісімге қолқойылды.

Келісім тергеу органының техникалық әлеуетінарттыруға бағытталған кешенді іс-шараларды іскеасыруды көздейді. Жоба аясында ИКАО-ның біліктісарапшылары Орталықтың қолданыстағымүмкіндіктеріне бағалау жүргізіп, тергеушілердідаярлау қажеттіліктеріне талдау жасайды жәнезертхананы заманауи жабдықтармен әрітехникалық ресурстармен қамтамасыз ету бойыншаұсынымдар әзірлейді. Сондай-ақ ИКАО аудитібарысында анықталған ескертулерді жоюға жәнеавиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеп-тексерудің ұлттық жүйесін одан әрі жетілдіругеерекше назар аударылады.

Орталықтың ИКАО-мен бірлескен жұмысыұшу қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, тергеп-тексерудің заманауи әдістері мен технологияларыненгізуге, материалдық-техникалық базанынығайтуға және халықаралық авиациялыққоғамдастықпен ынтымақтастықты кеңейтугеықпал етеді.

Орталық алдағы уақытта да халықаралықстандарттарды енгізу, тергеушілердің кәсібиқұзыреттерін арттыру және авиациялық оқиғалармен инциденттерді тергеудің заманауи ұлттықжүйесін қалыптастыру бағытындағы жұмыстардыжалғастырады.